«Tagam Asyly» - жартылай фабрикаттар әлеміндегі дәмді бренд!

Жаңалықтар
04.09.2024

Кәсіпкер Айтбаев Нұржан Жеңісұлы «Tagam Asyly» брендінің негізін қалаушы. Ол бизнесті 2021 жылғы наурызда азық-түлік саудасынан бастаған. Қазір кәсіпкер дайын тамақ өнімдерін өндірумен айналысады.

Бастапқыда цех жалдап, ет үгіткіш, қамыр илегіш, мұздатқыш және т.б. техникалар сатып алып, тұшпара жасап, мұздатып сатумен айналысты. Уақыт өте келе өнім ассортименті артып, тұшпара, котлет, вареник, самса, чебурек, фаршталған бұрыш қосылды.

2023 жылы үй-жай сатып алып, жартылай фабрикаттарды дайындайтын жаңа цех ашу үшін кәсіпкер «Банк Центр Кредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» қорының сусбидиясын пайдаланып, қарыз жүгін жеңілдетті.

Қызметін кеңейткеннен кейін компания өндірілетін өнім көлемін де ұлғайтты, бұл – еңбек өнімділігін де арттырды. Осыған байланысты қызметкерлер саны да екі есеге көбейді.

«Tagam Asyly» сауда белгісінің дайын өнімдері Жезқазған және Сәтпаев қалаларындағы барлық супермаркеттер мен азық-түлік дүкендерінде сатылады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ. Абай көш., 83/1-ғимарат

+7 707 542 94 85

Instagram: @tagam_asyly