Жеке кәсіпкер Ахмеджанова Маржангүл Мұратқызы 1991 жылдан 2006 жылға дейін Талдықорған мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып еңбек еткен. Екі рет Алматы облысының үздік оқытушысы атағын жеңіп алған Маржангүл Мұратқызының көкейінде білім беру-дамыту орталығын ашу көптен бері жүретін еді. Осы мақсатта Мәскеу қаласында тәжірибе алмасу семинарларына барып, интернет арқылы Мәскеу және Санкт-Петербургтегі монтессори-компаниялардың оқыту тренингтеріне қатысты.
Сөйтіп, білім жинаған кәсіпкер өз идеясын іске асыру үшін күнделікті педагогикалық іс-тәжірибесіне кірісті. 2011 жылы «INTELLECITY» білім беру-дамыту орталығы өз есігін ашты. Онда бір жастап бастап балалар қабылданады. Балаларды менталдық арифметика, ерте бастан дамыту, мектепке дейінгі дайындық, ағылшын тілі, ұзартылған күн тобы, қарқынды курстар, АРТ шеберхана секілді топтарға қабылдайды. Мектепте психолог жұмыс істейді.
«Маған педагог ретінде шағын тәрбие орталығы қызметімен шектеліп қалу қиын болды. «Даму» Қорына хабарласып, балабақша ашу үшін кәсіпкерлердге мемлекеттен көрсетілетін қолдау түрлері туралы білдім»,-дейді Маржангүл Мұратқызы.
Ахмеджанова Маржангүл «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы бұрынғы балабақша ғимаратың сатып алуға, жөндеу жүргізу және жабдықтар сатып алуға 60 миллион теңге несие алды. Белгіленген ставкасы 14% болса, оның 7%-ын субсидиялау арқылы мемлекет өтейді. 100 орындық балабақша 2015 жылдан бері жұмыс істейді.
Кәсіпкер көп ұзамай Талдықорған қаласы бойынша Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының филиалын басқарды. Сондай-ақ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ жанында «Топ-менеджментті оқыту» бағдарламасы шеңберінде білім алды және «Даму- Көмек» жобасы бойынша демеуші болды.