menu
Жабу

Павлодарда «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге көмек көрсетілді

Жаңалықтар
19.06.2017

Аймақтық филиалға Макулова Татьяна Рашидқызынан тігін машинасын сатып алуға көмек көрсету жөнінде өтініш түсті. Татьяна үйде киім тігумен айналысады.


«Troya» ЖШС - «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қатысушысы. Бұл өтінішке құлақ асып, Қоғамдық бірлестік үшін жаңа өнеркәсіптік тігін машинкасын сатып алып берді. Қоры атынан «Troya» ЖШС өкіліне алғыс хат табыс етілді.

Біз ықылас білдірген әр адам осы жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсете алатынын естеріңізге саламыз. www.damu-komek.kz. жоба сайтында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өтінімдерімен таныса аласыздар.