Табыс сыры

Жаңалықтар
24.07.2019

«Сүйікті іспен айналысу – табысты бизнестің кілті. Айналаңызда рухы жақын адамдар болса - бұл сіздің командаңыз», - дейді кәсіпкер Асқар Саппаев.

Ол ашқан «Эталон» жарнама агенттігі қазір Атырау облысы тұрғындары арасында кең танымал. Сапалы және жедел өнім дайындайтын «Эталон» жарнама агенттігінің кең форматты принтерлер, неон дайындау жөніндегі шағын зауыт және лазер-фрезер жабдықтармен жарақталған өндірістік базасы, барлық күрделі металл каркастар дайындайтын дәнекерлеу цехы бар.

   1BA6BE9B-207A-472A-A6F8-C206E6605A0A (1).jpeg

Кәсіпкер Асқар Саппаев «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі рет несие алып, пайызын субсидиялады.

4893EF13-A98A-40CA-8DF2-34D7C7C0691C.jpeg 

Жеті жыл бұрын ол пенополистирол және қасбеттік декор өндіретін «Etalon Termoplast» ЖШС ашты. Жоғары сапа, жеңіл монтаж және ғимараттарды әсем безендірудің арқасында тұтынушылардың көңілінен шықты. Бүгінде «Etalon Termoplast» ЖШС көбік және қасбет декордан басқа алмалы-салмалы емес полистирольды қорама, қасбеттік термопанельдер, жылу оқшаулауға арналған қабықты әртүрлі диаметрлі құбырлар да шығарады.

IMG_7561.JPG 

Кәсіпкер мұнымен қатар шаруа қожалығына да ие. Бұл – оның қол бостағы ермегі. Өйткені Асқар егіншілікті ұнатады. Ол жаңадан іс бастап жатқан немесе бизнесін дамытқысы келетін кәсіпкерлерге кеңесін аямайды.

1-лайфхак: Табысты бизнес іс-әрекетті жоспарлаудан басталады 

Нақты мақсат болуы керек. Алайда, ең маңыздысы бұл емес. Ең бастысы мақсатқа жетудің қадам сайынғы жоспарын жасаған ұтымды. Кіріспес бұрын стратегия әзірлеу керек. Бизнес-жоспардың арқасында қателіктердің алдын алып, қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік мол.

2-лайфхак: Тәжірибелі маманнан кеңес алыңыз

Нарықты зерттеңіз. Сіздікіндей бағыттағы компаниялар бар екенін көресіз. Жаңалық ашудың қажеті жоқ. Ірі компаниялардың тәжірибесі мен, табысты кәсіпкерлердің кеңесі басыңызды тасқа соғуден сақтайды. Кеңесуден қашпаңыз.

3-лайфхак: Маман таңдауда қателеспеңіз

Ең маңызды тұс – адам ресурсы. Барлығы өндірістегі жұмыскерлерге байланысты. Дұрыс таңдалған қызметкерлер - сіздің жетістігіңіздің басы.

4-лайфхак: Өнім сапасы

Ең басты мақсат – сапа болуы керек. Бастапқыда табысыңыз аздау болуы мүмкін, бірақ бедел жинайсыз. Сапалы өнім өтімді болатынына күмәніңіз болмасын. Бұл - жетістігіңіздің жалғасы болады. Тәжірибелі кәсіпкер үшін сапа - ақшадан қымбат. Себебі бедел кейін ақша болып қайтады.

5-лайфхак: Жұмыстан қашпаңыз

Кәсіпкерліктің романтикадан ауылы алыс. Кейде өте қиын болуы мүмкін. Күрделі проблемалар туып, бірнеше рет қателесуіңіз мүмкін. Іс бастаған кезде демалыс, мереке күндері дегенді ұмытасыз. Жұмыстың барлық процесін білуіңіз керек. Бұл әр қызметкердің төбесінен төніп тұру емес. Бірақ жұмыстың барысынан толық хабардар болуыңыз керек. Егер білек сыбанып жұмыс істесеңіз, онда сіз өз мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз. Бұл - табысқа жетудің басты сыры.

Мекенжай : Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі 97

Эл. пошта etalon.termoplast@mail.ru

әл. желі:@etalon.termoplast

Телефон;8 (7122) 29-02-94, 8 (7122) 20-02-02, 8 (701) 965-18-94