Еңбек түбі береке

Жаңалықтар
26.07.2019

Дамир жас әрі амбициясы жоғары кәсіпкер. Алғашқы кәсібін тамақ (суши) жеткізуден бастады. Бизнесі бірден табысты болып, кейіннен басқа да идеяларын жүзеге асыруға бел буды.

Фото 1.jpg

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент - жастар қаласы. Шаһарда мейрамхана мен дәмхана көп болса да, жас әрі амбициясы жоғары кәсіпкер Дамир өз замандастары үшін ерекше орын ашуды армандады. Атап айтқанда концерт, би кеші, дегустациялар мен түрлі көңілді іс-шаралар өтетін Еуропалық стильдегі loung&party bar болғанын қалады. Қала орталығынан тапқан 2 қабатты ғимаратты жалға алу құжаттарын рәсімдеп болған соң оны қайта жөндеп, жиһаз сатып алуға қаражат қажет болды.

Фото 2.jpg

«Даму» Қорының қолдауымен жеңіл несие алуға болатынын естіген Дамир «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алуға өтінім берді. Кепілзат жетпеген жеріне «Даму» Қоры кепіл болды. Осының арқасында Дамир «Union» атты лаундж-бардың есігін ашты.

«Мені клиенттерімнің оң пікірлері шабыттандырады. Соның арқасында құлшынып іске кірісемін», - дейді Дамир.

Сонымен, Дамир өзінің табысының құпияларымен бөлісіп, бірнеше кеңес берді:

1. Бизнесті зерттеу

Шағын бизнес ашуға дайындық кезеңінде (бизнес қызметінің барлық кезеңдеріндегі сияқты) неғұрлым жауапты шаруа – өнім немесе қызметті өткізу нарығын сараптау. Ең алдымен, тұтынушы туралы ақпаратты терең білу қажет.

2. Қажымай еңбектену. 

Неғұрлым бас алмай еңбектенсең қайтарымы да мол, нәтижесі де дұрыс болады. Өзіңді үнемі дамытып отыру қажет.

3. Сапа - табыс кепілі. 

Ақша басты мақсат емес, бастысы – сапа болуы керек. Ешқандай жағдайда да үнемдеймін деп сапаны төмендетуге болмайды. Сапа жоғалғанда кіріс те азая бастайды.

Дамирдің лаундж-бары – нағыз релакс-аймақ. Онда жағымды әуен тербеп, көмескі жарық миды тынықтырады. Қонақтар ыңғайлы жұмсақ диван, креслоларға жайғасып, жайлы демалысқа мүмкіндік алады.

Фото 3.jpg

«Union» лаунж-бары туралы толығырақ білгіңіз келсе: @union.lounge және 8-702-652-22-93. Дамир.