menu
Жабу

Табыстың түсі «GAUDI PAINT»

Жаңалықтар
31.07.2019

Қазақстандық компаниялардың табыс тарихы жайлы әңгімелегенде «GAUDI PAINT» брендін айналып өте алмаймыз. «Smash LTD» ЖШС Қазақстан нарығында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алматыда алғаш рет 1999 жылы импорт алмастыру бағдарламасы бойынша су-диспесперсиялы акрил бояулар, эмаль, лак пен шпак түрлерін шығаратын алғашқы зауыт салынды.

1.jpg

Жобаны «БанкЦентрКредит» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырды. Компания несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

3.jpg

Компанияның негізін қалаушы табысты кәсіпкер замануи қондырғылары бар, құрылысқа қажет экологиялық таза материалдар шығаратын, жаңа технологиялы, Қазақстанда болмаған зауыт ашуды көздеді. Сол кездің өзінде ол бірнеше жылдан кейін зауыт Қазақстандағы бояулар мен лактар өндірісіндегі көшбасшылардың бірі болатынына сенімді болды. Жабдық пен өндірістің технологиялық желісін таңдау үшін компания басшысы көптеген елдерде болды. Атап айтқанда АҚШ, Голландия, Финялдия, Испания, Италия және Сауд Арабиясына барды. Ал Барселонаға іссапары оған ұмытылмас әсер қалдырды. Атақты испан сәулетшісі Антонио Гаудидің туындылары Қазақстанда брэнд өнім шығаруға шабыт берді. Лак-бояулар шығаратын тұңғыш зауытты ашу үшін АҚШ пен Фин елінен технологтар шақырылды. «GAUDI PAINT» сауда белгісінің барлық бояулары Қазақстан климатына ыңғайланып жасалады.

«GAUDI PAINT» брендінің жетекшісінен бизнестің сәтті дамуына арналған кеңестер (Лайфхактар)

  • Ерекшелену – бәсекелестерден оқ бойы озық тұруға көмектеседі. Ол үшін өзіңізге тән дара әдіс, өнім т.б ерекшелік табыңыз. Даму жоспарын жасап, тәжірибе жасаудан қорықпаныз.

  • Бизнесіңіздің сәттілігі - бірге жұмыс істейтін командаға да байланысты. Басқаларды сынаудан қорықпайтын, оларға қарағанда өзгеше ойлайтын және табыс үшін күресуге дайын нағыз кәсіби мамандарды, білімді және шығармашылық ізденісі мол қызметкерлерді таңдаңыз.

  • Шабыт шақыру үшін табысты жандардың өмірбаянын оқып шығыңыз, қоршаған ортаны зерттеңіз, саяхаттап, әлемді аралауды ұнатыңыз. Сонда идеялар міндетті түрде пайда болады.

  • Сәттіліктің басты ережесі - жұмысыңызға ауыр еңбек деп емес, хобби деп қараңыз. Оны сүйіңіз және өміріңіздің мәніне айналдырыңыз.

 «GAUDI PAINT» өнімдерімен толық танысу үшін: сайт: www.gaudi.kz

Зауыт: Алматы қаласы, Іле тас жолы 11

Телефондар: +7-727-290-36-36, +7-727-232-85-58

E-mail: gaudi_s@mail.ru

Компанияның дүкені: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 78

Инстрагамм парақшасы: @gaudipaint