Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында көмек көрсетілді

Жаңалықтар
30.06.2017

Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында кассалық аппарат табысталды.

Әлия Тлеумбердина бала кезінде қатты күйіп қалған. Нәтижесінде саусақтарының жартысынан айырылып ІІ топ мүгедектігін алды.


Алайда Әлия үшін өмір тоқтап қалған жоқ. Педагогикалық колледжді «кітапханашы» мамандығы бойынша тәмәмдап, бір жылдай жұмыс істеді. Жеті жыл «Таймас» ЖШС-де және 15 жыл базарда киім сатушы болып істеді. Бұл уақыт аралығында Әлия тұрмыс құрып 3 баланың анасы атанды. Кейіннен Әлия өз ісін ашуға бел буған. Сөйтңп, Семей қаласындағы Бобровка ауданында азық-түлік дүкенін ашуды ұйғарады. Өз үйінің бір бөлмесін дүкенге лайықтап, қайта жабдықтады. Азық-түлік сатудан басқа, Әлия бәліш және самса пісіре бастады. Биыл ҚР Қаржы заңнамасына енген өзгеріске байланысты, кассалық аппарат алу керек болып, Әлия қаражаттан қысылды. Сондықтан да ол Кәсіпкерлеге қызмет көрсету орталығына өтінім берген. «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында талай рет демеуші болған «Агропромгрупп» ЖШС бұл жолы да Әлияның өтінішін жерге тастамады.

Жуырда компания Әлияға кассалық аппарат берді.