Балаларға арналған коррекция-дамыту орталығы

Жаңалықтар
13.09.2024

Психология және педагогика магистрі Арай Бекишеваның баламен жұмыс істеуге деген қызығушылығы өте қалыптасты. 2017-2018 жылдары мектепте тьютор ретінде жұмыс істеді. Сол кезде аутизм спектрі бұзылған балалармен қазақ тілінде сөйлесіп, жұмыс істейтін мамандар жетіспейтіндігін байқады. Бұл ақпара оның кәсіби өміріндегі шешуші сәт болды. Арай қазақ тілінде сөйлейтін отбасылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайтын мекемелердің бар екенін түсінді және жағдайды жақсартатын бір әрекет жасауға ұмтылды.

2021 жылы Арай жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, аутизм диагнозы бар балаларға жоғары сапалы коррекция жасап, білім беретін және психологиялық қызметтер көрсететін орталық құрды. Оның миссиясы айқын болды: ерекше балалар мен олардың отбасының өмірін жақсарту үшін қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету.

Орталық алғашқы күндерден-ақ жұрт назарын аударды. Өйткені оның ерекше тәсілі мен қазақ тілінде сөйлейтін балаларға арналған жұмысы тез ауызға ілікті. Кәсіпкер төрт жоғары білікті мамандар жинап, командасын кеңейтті және болашақ мамандарға тәжірибемен ұштастыра отырып оқу мүмкіндігін беруге мүмкіндік беретін сырттай қызметкерлерді, стажерлар мен студенттерді жұмысқа тартты.

2024 жылы компания коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін АО «Банк ЦентрКредиттен» 19,25% мөлшерлемемен несие алды. «Біртұтас кешенді бағдарламаның» «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері» бағыты бойынша қарызын субсидиялап, кепілдік алды. Бұл қолдау орталықтың әрі қарай кеңейіп, жұмысын жақсартуға серпін берді.

Орталық көп отбасының өміріне елеулі әсер етті, балалардың қоғаммен араласып, сіңіп кетуіне көмектесті. Арай Бекишева мен оның командасы тек өз клиенттерінің өмір сапасын жақсартумен ғана шектелмей, басқа мамандарды да осындай бастамаларға шабыттандырды.

Астана қ., Қосшығұлұлы 13/5, НП 2
Инстаграм: @Aray_correctional_center
+7 747 445 26 95