Qazaq Dami Zhanaozen – ұлттық тәттілер дүкені

Жаңалықтар
16.09.2024

Qazaq Dami Zhanaozen дүкені Жаңаөзен нарығында 2018 жылдан ұлттық тәттілер ұсынып келеді. Қала халқы мұндағы тағамдар жайлы жақсы біледі және күн өткен сайын аты алысқа кетіп, танымал бола түсуде.

Болашағы зор, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын бола тұра, компания дүкенді дамытып, өндірістік жабдықты одан әрі жаңғыртып, ең жақсы шикізатты қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізуді, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар мамандар да кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отырады. Осы мақсатта компания басшылығы Қазақстанның халықаралық дәрежедегі озық кондитерлерінің шеберлік сабақтарына ұдайы қатысуын қамтамасыз етеді.

Qazaq Dami Zhanaozen қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, мерекелік іс-шараларға демеушілік жасайды, балалар мен ардагерлер ұйымдарына қайырымдылық көмек көрсетеді.

Қаржы қажет болғанда кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінің» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгінді. Қаржы ұйымы өтінімді мақұлдады. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидия берді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Инстаграм: @qazaq_dami_ozen

тел.: + 7 (778) 508 72 32