«Жылу мен жайлылықтың дәмі»

Жаңалықтар
18.09.2024

2005 жылы Алматы облысында құрылған «Чайный Двор» ЖШС Кения мен Үндістаннан шай алдырып, ораумен айналысады. «Чайный Двор» компаниясының тарихы Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен басталды. Компанияның негізін қалаушы Жанат Сұлтанғазина 1993 жылы Үнді шайын өндірушісі RWL-ң өкілі болды. Қазір «Чайный Двор» компаниясының өнімдері Қазақстанның барлық 14 облысында және Ресейдің төрт облысында сатылады. Компанияның құрамына шайдың барлық тұтынушыларын толық қамтитын эконом / премиум сегментіне дейінгі 60 бренд кіреді. Шайды Үндістан мен Кениядан ірі және халықаралық шай компаниялары жеткізеді. Тәжірибелі tea тестерлері шайдың қажетті қасиеттерге сәйкестігін тексереді.

Көптеген жылдар бойы «Чайный Двор» компаниясы сапалы шай жеткізуші ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапты компания ретінде де мінсіз беделге ие болды. Үнемі қайырымдылық жобаларға қатысып келеді.

2023 жылы «Чайный Двор» ЖШС компаниясы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидияларын қолдана отырып, айналым қаражатын толықтыруға «Қазақстан Халық Банкінен» жеңіл несие алды.

Алматы облысы, Іле ауданы, Энергетикалық а. о., Өтеген батыр а.

Тел.: +7777 227 72 55

Пошта: sales@teayard.kz