Сіздің киім-кешегіңіздің күтімі

Жаңалықтар
18.09.2024

Horeka Paper Products компаниясын 2022 жылдың тамыз айында жалғыз құрылтайшы Жұматаева Альмира Қанқожақызы тіркеді. Алғашқы жылдары дүкеннен тыс жерде жуғыш заттар мен тұрмыстық тауарлар сатумен айналысты. Яғни тапсырыс қабылдап, жеткізіп беріп отырды. Тауар негізінен тапсырыс берушіге тікелей жеткізіледі, кешіккен жағдайда жалға алынған қоймаларда сақталуы мүмкін. Негізгі жеткізушілер «Parasat product Aqtobe» ЖШС және «Lux Қағаз» ЖК болды.

2024 жылдың тамыз айында Альмира Канкожақызы «Даму» Қорының қолдауымен клиент әкелген кірін өзі жуып алатын «СамПРАЧКА» атты орын ашты. Ол үшін сауда орталығынан жалпы ауданы 39,2 ш. м. болатын коммерциялық үй-жайды жалға алды. «Үміт» әйелдер кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредиттен» алған несиеге салмағы 12 келіге дейін кір жуа алатын және кептіретін машиналар, оған қажетті керек-жарақтар, бірыңғай төлем терминалы, жиһаз сатып алды. 2 кір жуушы, 2 кеңесші және 2 тех. Персонал жұмысқа қабылдады.

Банк талап еткен кепілмүлкі аз болғандықтан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерге қордың кепілдігін ұсынды.

+7 705 527 57 52

ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 159 құр., 3 ғимарат.

Instagram: @horeca_paper_products