Бәсекеге қабілетті білім ордасы

Жаңалықтар
25.09.2024

Аманкелді Абдуллаев атындағы зияткерлік мектеп-интернаты – соңғы үлгідегі Smart технологиялармен жабдықталған бәсекеге қабілетті білім ордасы. Мектепке 400 бала сыяды. 200 балаға арналған жайлы жатақхана салынған.

Білім ордасының жалпы ауданы 11 000 шаршы метрді құрайды. Мектеп аумағы толық қоршалған, тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Сыныптар заманауи үлгідегі жиһаздармен және интерактивті жабдықтармен қамтылған. Мектеп жанында спорт зал мен оқушылардың 5 мезгіл құнарлы тамақтануын қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді.

Абдуллаев Аманкелді атындағы зияткерлік білім ошағында балалардың зейінін арттыру мақсатында түрлі шығармашылық және спорттық үйірмелер қарастырылған. Мектептің қосымша артықшылығы ретінде математика мен ағылшын пәндерінің тереңдетіп оқытатынын атап өтуге болады.

Заманауи үлгідегі Абдуллаев Аманкелді атындағы зияткерлік білім ордасы «Даму» Қорының қолдауымен жаңа ғимарат салып алды. Қор құрылыс мақсатына кепілдік беріп, несие мөлшерлемесін 5 жыл мерзімге субсидиялады. Ол үшін кәсіпкер «Қазақстан халық банкі» АҚ-нан қаржы алды.

Білім ордасында озық педагогтер мен креативті мамандар жұмыс істейді. Мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдауға, тәртіп пен мектеп беделін нығайтуға, оқушы тұлғасының мәдениетін арттыруға және мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру үшін мектептің өзіне тән арнайы униформасы ұсынылған. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тасымалдау қызметі де қарастырылған.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған ауылы, Құлан Алдабергенұлы көшесі, 1б

Тел: 8 775 626 31 36

Инстаграм: intellectual_school_abdullayev