Салауатты балалық шақ «AquaclubTomiris» - тен басталады

Жаңалықтар
26.09.2024

«AquaclubTomiris»-тің табыс тарихы 2021 жылы сәбилерге де, бала күтіп отырған ата-аналарға да барлық жағдай жасалған бассейнінің ашылуынан басталды.

Ол кезде бұл Талдықорған қаласында 3 айдан 7 жасқа дейінгі балалармен айналысатын жалғыз бассейн болды.

Бизнесті кеңейту мақсатында жеке кәсіпкер С.А. Мұхамеджанов «Банк ЦентрКредитке» жүгінді. Онда кәсіпкерге субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несие мақұлданды. Соның арқасында пайыздық мөлшерлеме жылына 8%-ға дейін азайтылды.

Алған қаражатқа кәсіпкер жаңа үлкен бассейн ашты, онда 2 айдан 9 жасқа дейінгі балалар айналысады. Бассейнде өз ісінің шебері және даму ерекшеліктері бар балалармен жеткілікті тәжірибесі бар 4 білікті жаттықтырушы жұмыс істейді.

«AquaclubTomiris» орталығында топтық жаттығулар, жеке және ана+бала форматы да өтеді. Сондай-ақ ерекше балаларға арналған әдістеме және гидроореабилитация бар.

Инстраграм: @aqua_club_tomiris_tdk

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ш / а.Жетісу, 35 үй

+7 777 014 11 60