«Даму» Қоры CAIER, IFC-мен бірлесіп қаржы секторындағы ESG-дің күн тәртібін талқылады

Жаңалықтар
25.09.2024

24 қыркүйекте Алматы қаласында қаржы секторындағы тұрақты даму және әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді басқару мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараны Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты (CAIER) халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қатысуымен ұйымдастырды. 

«Даму» Қоры өз қызметінде ESG қағидаттарын қолданатын микро, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі негізгі мемлекеттік қаржы институты ретінде табысты кейстерді жариялауға және тәжірибе алмасуға шақырды. Айта кетерігі, «Даму» қоры 2023 жылы Қазақстанда квазимемлекеттік ұйымдар өкілдері арасында бірінші болып S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтингтік агенттігінен ESG бағасын алды. 

«Даму» қоры Қазақстанда «жасыл» құралдарды енгізу бойынша БҰҰДБ-ның алғашқы серіктестерінің бірі. «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар», «ЖЭК-ке инвестиция салу тәуекелін азайту» және т.б. бірқатар жобалар бірлесіп жүзеге асты. Олар бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 6,7 млрд теңге болатын 81 жоба қолдау алды. Ал төленген субсидиялар шамамен 1,9 млрд теңгені құрады. 

Қазірге дейін Қор тарапынан 150,9 млрд теңгеге 147 «жасыл» жоба қолдау тапты. 

Гаухар Бурибаева дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын 2020 жылы «жасыл» облигациялар қорының ICMA қағидаттарына сәйкес БҰҰДБ қолдауымен дебюттік шығарылымына аударды. Осыған байланысты Қор «жасыл нарық пионері» номинациясы бойынша climate bonds Initiative халықаралық ұйымының беделді сыйлығымен марапатталды. 

Сонымен қатар, қор 2021 жылы айналым мерзімі 5 жыл болатын әлеуметтік облигацияларды шығарды. Қор облигациялары қазақстандық қор нарығындағы әлеуметтік қағидаттарға сәйкес келетін алғашқы бағалы қағаздар болды.

 «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева «Даму» Қорының гендерлік мәселеге көп көңіл бөлетінін атап өтті. «Біз қордың және бірлескен бағдарламалар аясында 3,3 млрд теңгеге жуық несие сомасына кәсіпкер арулардың 104,5 мың жобасын қолдадық. «Даму» Қорының қолдауын алған кәсіпкерлердің жалпы санының 49%-ы әйелдер. Қор әйелдер бизнесін несиелеу үшін ЕДБ-де қаражатты шарттасып салатын «Үміт» атты бағдарламасын табысты әзірлеп, аруларды қолдауға шамамен 10 млрд теңге бөлді».