Алматыдағы MAKSAT MED медициналық орталығы мемлекеттен қолдау алды болды

Жаңалықтар
25.09.2024

Медициналық қызмет экономикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады. Заманауи материалдар мен жаңа технологиялар ауруларды емдеуде табысқа жетудің негізгі факторларының бірі. Медициналық орталық үшін озық технологиялар мен заманауи ғылымның жаңа жетістіктерін игеріп, енгізетіндер айтарлықтай бәсекелестік артықшылыққа ие. Алматыдағы осындай компаниялардың бірі «MAKSAT MED» оңалту орталығы» ЖШС.

«MAKSAT MED» оңалту орталығы» ЖШС 2013 жылдың 29 қарашасынан бастап акупунктура, барлық түрдегі массаж, емдік дене шынықтыру (физикалық терапия), электрофорез, шөп емдеу, невропатолог, тұз шахтасы, ЭКГ, барлық түрдегі УДЗ және т.б. қызметтерін көрсетіледі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы компания 21%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 15%-ды құрайды. Қаражат инвестиция – медициналық орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалды.

«MAKSAT MED» оңалту орталығы» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы қызметпен қамтамасыз етуде. Компанияның қызметтері профилактикалық шараларды күшейтуге, азаматтардың салауатты өмір салтын ынталандыруға, азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін күшейтуге баса назар аудара отырып, салааралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды көздейді. Қолдау арқасында көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге, қызмет сапасын арттыруға, жаңа материалдарды пайдалануға мүмкіндік туды.

Сайт: @maksat_med

Мекен жайы: Алматы қ-сы,Нұркент ы.а.,55а

Байланыс телефондары : +7 (727) 225 70 07