«Даму» Қорының арқасында Қостанай облысындағы оңалту медициналық орталығы өз мүмкіндіктерін кеңейтуде

Жаңалықтар
26.09.2024

Өтебекова Бақытгүл Базарбайқызы 2022 жылы ашқан медициналық оңалту орталығы күндізгі және тәулік бойы стационарда ересектер мен балаларға оңалту қызметтерін көрсетеді.

Оңалту орталығы міндетті медициналық сақтандыру қорымен тұрақты жұмыс істейді, сондықтан халықты тегін қабылдауға мүмкіндік бар. Мұнда тек жаңа заманауи жабдықтар, Қазақстанда және шетелде жетекші реабилитологтардан үнемі білім алатын білікті мамандар бар. Пациенттің ауру тарихының ерекшелігін және оның физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып қалпына келтірудің жеке стратегиясы таңдалады.

Реабилитолог, невропатолог, хирург, терапевт, дерматолог, УДЗ, физиотерапия, массаж, физиотерапия, кинезо және механотерапия, фитнес, психолог, логопед қабылдайды.

2022 жылдың қазан айында «Қазақстан Халық банкі» АҚ компанияға «Ұлттық жоба» бағдарламасының 1-бағыты аясында инвестиция үшін 19 793 750 теңге несие берді. Қаражат жоғары технологиялық медицина жабдығын сатып алуға жұмсалды. Бағдарлама бойынша «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, несие сомасының 85%-на кепілдік берді.

2024 жылғы шілдеде компания «Банк ЦентрКредиттен» оңалту орталығының жаңа ғимаратын салуға 30 000 000 теңге несие алды. «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сомасының 45%-ына кепіл болды. Қазір салынып жатқан құрылыс нысаны шамамен жыл соңында іске қосылады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында медициналық орталық өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Өйткені жаңа ғимаратта мүгедек пациенттер үшін барлық жағдай жасалып, лифт орнатылып, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар ашылып, ғимарат ауданы ұлғаяды.

Мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Қалабаев көшесі, 27

Тел: +7 777 447 1103, +7 775 986 0343

Сайт: https://reabilitaciya-tobyl.kz/