«Shymdveri kz» көмегімен интерьеріңізді жаңартыңыз!

Жаңалықтар
27.09.2024

Мамадияр Юлдашев 2014 жылдан бері «Shymdveri kz» ЖШС тіркеп, ағаштан жасалған есіктер шығарып келеді. Компания ерекше әсем, сапалы есіктердің барлық түрін шығарады.

Өндіріс циклы бірнеше кезеңді қамтиды. Алдымен материал дайындалып, есіктің жақтауы жасалады. Содан кейін оған пішін береді, ою-өрнектер түсіреді. Осыдан кейін бөліктер басылып, қосылады. Кейбір үлгілер қолмен тегістеледі, содан кейін арнайы жабдықпен өңін кіргізеді. Есіктер тапсырысқа қарай боялады немесе пленкамен қапталады. Өндірістік цикл небәрі үш күнді алады. Күніне 150-ден 200 есікке дейін шығаруға мүмкіндік бар.

Шеберхана ағаш есіктердің кең түрін ұсынады. Яғни кез келген талғамдағы тапсырысты орындауға мүмкіндік береді және шикізатты таңдаудан бастап әрлеуге дейінгі әрбір кезеңде жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Компания қызметкерлері мінсіз нәтижеге кепілдік беру үшін әр элементті бақылап отырады.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2023 жылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тан айналым қаражатын толықтыру үшін түпкілікті 7% мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Сондай-ақ, 2024 жылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Қазақстан-Зираат халықаралық банкі» ЕБ» АҚ-нан ағаш есіктер өндірісі бойынша қызметті кеңейту үшін жылдық 19,50%-бен қарыз қаражат алды, оның 11,50%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Өнімдерді көтерме де, бөлшек саудада да жеңілдікті шарттармен, соның ішінде артық төлемсіз бөліп төлеуге болады. Армандаған есіктерді сатып алу және интерьеріңізді соңғы трендтерге сәйкес жаңарту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Компания барлығына жоғары сапалы өнімдерді ғана емес, сонымен қатар әрбір клиентке жеке көзқарасты ұсына алады.

Мекенжай: Шымкент қ., Қайнарбұлақ тұрғын алқабы, 59 ғим.

Телефон: +7-778-555-75-39, 8-702-853-63-69

Инстаграм: shymdveri.kz