Жамбыл облысында цемент және бетон өндіретін компания қолдау алды

Жаңалықтар
23.09.2024

«СтройМонтажGroup» ЖШС 2012 жылдың соңында тіркелген. Компания директоры Бахтияр Бағбанов өз қызметін 90-шы жылдары жиһаз сатудан бастады. 2011 жылы құрылыс және цементті көтерме саудада сату саласында жұмыс істей бастады.

Осылайша, қаржы жинай жүріп кәсіпкер бетон өндіру және құм-қиыршықтас қоспасын өндіретін зауыт ашу үшін жер учаскесін сатып алды.

Өндірісті жолға қою үшін жабдықтар, атап айтқанда бетон-араластырғыш торап, автобетонараластырғыш (миксер), SHACMAN самосвалы, фронтал тиегіш, эксковатор-тиегіш және Mercedes-benz actros автокөлік құралы қажет болды. Осыған байланысты кәсіпкер несие алуға шешім қабылдап, «Даму» Қорының филиалына келді. Кейіннен жобаны «Қазақстан Халық банкі» АҚ қаржыландырды. «Даму» қорының «Даму-өңдіріс» бағдарламасы аясында мөлшерлеме небәрі 6%-ды құрады

Компанияның мақсаты – Жамбыл облысының нарығын қолжетімді бағамен отандық өндірістің сапалы цементімен қамтамасыз ету.

Мекенжайы: Тараз қаласы, Самен Дәненұлы көшесі, 2 үй

Байланыс телефоны: +7777-994-07-04