Монша – тән мен жанның рахаты

Жаңалықтар
30.09.2024

Батыс Рим империясы құлап, б.д.д V-VI ғасырларда экономика құлдырап, жұрт жаппай ыдысқа су құйып жуынуға көшкен кезде Византия (Римнің шығысы) империясы (Константинополь) мен Парсы елдерінде шығыс моншалары сол күйі сақталып қалған еді. Кейіннен оларды жаулаған араб, түркілер монша салу ісін меңгеріп, бүгінгі күнге дейін жеткізді. Еуропада мұндай моншаларды көбінесе арабшалап «хамам» деген. Себебі мұсылмандар тоқтам суға жуынбайды, сол себепті ағын суы болуы міндетті. 

Қазір заманауи технологиялар мен коммуникациялардың арқасында моншалар ыңғайлы әрі ем шаралары қос бар маңызды орынға айналған. Емдік қасиетінен басқа, монша – жан мен тәнге арналған демалыс. Онда дене тазарып қана қоймай, босаңсып, ми да тынығады.

«Ақжігіт» ЖК 2021 жылы тіркеген Нұрсұлтан Ақжігітов Павлодар облысы Екібастұз қаласында жалпы ауданы 136 ш.м. болатын монша ашты. Кешен клиенттерді тапсырыспен қабылдайды. Күніне орта есеппен 5-тен 12 адамға дейін келеді. Кәсіпкердің тұрақты клиенттері бар. Сұраныс артып, клиенттер саны көбейіп келе жатқандықтан, Нұрсұлтан моншасын кеңейтуге шешім қабылдады.

Ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер Екібастұз қаласындағы «ForteBank»-ке жүгінді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие бойынша мөлшерлеме 21%-ды құрады, кәсіпкер 7,25% пайызды төлейді, айырмасын – мемлекеттік субсидия.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Интернационалисттер көшесі, 16

Байланыс телефоны: +7 705 769 07 59