Ең сапалы, қауіпсіз, берік және энергия үнемдейтін жарықтың кілті

Жаңалықтар
30.09.2024

«SAB BARAKAT» компаниясы 2005 жылы құрылған. Негізінен құрылыс процесін ұйымдастыру, оның ішінде қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметін іріктеу және үйлестіру болатын. Бұл іс-қимылдар тізбегі құрылыс процесінің барлық қатысушылары арасында серіктестік құруға, коммерциялық және техникалық тәуекелдер мен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласында талай жыл тәжірибе жинай келе құрылтайшылар ақылды жарықтандыру аспаптары тапшы екенін байқады. Сол себепті 2019 жылдан бастап жарықтандыру аспаптарын өндірушіге айналуға шешім қабылдады. Қазір «SAB BARAKAT» ЖШС жарықдиод жарықтандыру жүйелерін шығаратын қазақстандық өндіруші.

«SAB BARAKAT» ЖШС көшелер, жолдар мен автомагистральдар, ғимараттар мен құрылыстар, көпір, теміржол платформалары, шахталар, зиянды және жарылыс қаупі бар өндіріс орындарын, қойма, үй-жайлар, жылыжай, кеңсе, тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерін жарықтандыруға арналған шамдар ұсынады. Жарықдиод жарықтандыру құрылғылары соңғы үлгідегі заманауи жабдық желісінде жиналады.

Команда идеяны жобаға енгізуден бастап түпкілікті өнімді алуға дейінгі өнімді өндірудің барлық циклын жүзеге асырады. Штатта жұмыстың сапасы мен мерзіміне жауап беретін өз ісінің білгірлері жиналған. Барлық жарықдиод жарықтандыру құрылғылары сату кезінде жарияланған сипаттамаларына сәйкес келуін және материалдар мен өндірісте ақаулар болмауын қамтамасыз етеді.

2023 жылы «SAB BARAKAT» ЖШС «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі 8% құрады, себебі 13,75%-ды мемлекет субсидиялайды. «Даму» қоры осы қарыз бойынша 30% көлемінде Қор кепілдігін берді.

СҚО, Петропавл қ, И. Алтынсарина к-сі, 166, 302 оф.

+7‒702‒735–03‒13

Сайт: sabbarakat.kz

sabbarakat@bk.ru