«Жеңсік дәм»

Жаңалықтар
30.09.2024

«SBK Company» ЖШС Алматы облысының Қарасай ауданы Бұлақты ауылында 10 жылдан астам уақыттан бері азық-түлік өндіріп келеді. Өзінің өндірістік кешені және өз күшімен құрылған заманауи жабдықтары бар. Қазір компания салмағы 850 гр пластик бөтелкелерге құйылған кондитерлік қоспалар, 15-20% майлы қаймақ өнімдері, қоюланған сүттің 40-қа жуық түрін, 20-ға жуық ұзақ сақталатын печеньелер, козинак, жаңғақ-жемісті тәттілер шығарады.

Цехта:

- Кондитерлік қоспалар өндірісі (джемдер, конфитюрлар, құрамында сүті бар кондитерлік қоспалар, ақ және қайнатып, қоюланған сүт;

- Майлылығы 8,5% және 2,5% болатын,ПЭТ бөтелкелердегі қоюланған сүт;

- Майлылығы 15-20%, пластик шелектегі, салмағы 5 кг, 2,5 кг, 0,6 кг болатын қаймақ өнімдерін;

- 06-дан 2 кг-ға дейінгі қораптарда ұзақ сақталатын печенье;

- Козинактар мен жемісті тәттілер;

- «Панко» нан үгіндісі;

- Кондитерлік шикізат (күнжіт тұқымы, көкнәр тұқымы, жаңғақтар, құрғақ сүт, құрғақ сарысу және т. б.);

- Пластик ыдыстар (көлемі 0,6 кг шелектер);

- Стрейч пленка өндіреді.

2023 жылы «SBK Company» ЖШС «Даму» Қорынан «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» жобасы аясындағы субсидияны қолдана отырып, инвестиция үшін «Банк ЦентрКредиттен» қаржы алды.

Қазақстан Республикасы, Қарасай ауданы, Бұлақты ауылы, 587/481

Тел.: +7705 266 4624

Почта: info@foodcompany.kz