Қостанай облысында әдемі, бірегей және заманауи дизайны бар жаңа family nest бөбекжайы ашылды

Жаңалықтар
27.09.2024

Аман Наталья ашқан компания 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынып келеді. Бірінші филиал 2015 жылы ашылды. Қазір The family NEST балалар клубының үш филиалы бар. Онда 1-7 жас аралығындағы, толық және жарты күнге келетін 170-ке жуық бала оқиды. Мұнда кешенді дамыту сабақтары, мектепке бір жылдық қарқынды дайындық, мектепке екі жылдық дайындық, түрлі үйірмелер мен шеберлік сабақтары, тіл үйрету және кескіндеме сияқты үйірмелер жұмыс істеп тұр.

2024 жылдың маусым айында бөбекжай ретінде жоспарланған үшінші филиалын ашу үшін кәсіпкер әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды көздейтін «Үміт» бағдарламасы аясында коммерциялық үй-жай сатып алды. Кәсіпкерге «Қазақстан Халық банкі» 60 000 000 теңгені жылына 16,5%-бен, 84 ай мерзімге берді. Жиһаз сатып алу мен жөндеуге кәсіпкер өз қаражатын жұмсады.

Биыл қыркүйек айында әдемі, бірегей, заманауи дизайны мен жабдықтары бар жаңа бөбекжай ашылды. Мұнда тәжірибелі педагогтар мен күтушілер жұмыс істейді, сондай-ақ 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 34

Телефон: +7 771 846 9240

Сайт: https://thefamilynest.ru/

Instagram: @the.family.nest