«STATUS AREA» компаниясы «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан қаржылай қолдау алды

Жаңалықтар
18.09.2024

Әр кәсіпкер бизнесін әрі қарай дамыту үшін айналым қаражатын қажет ететін, ол қаржы қалтасында жеткіліксіз болатын жағдайға тап болады. Бәсекелестік артып келеді және нарықта сәтті даму үшін үнемі кеңейіп отыру қажет. Мұндай сәттерде инвестиция мен қосымша қаржы ресурстарын табу маңызды.

«Status AREA» компаниясы – Жамбыл облысындағы азық-түлік тауарлары мен халық тұтынатын тауарларды ірі жеткізушілердің бірі. Олардың да басында осындай жағдай болды. Тауар айналымын ұлғайту үшін компания несие алу үшін Тараз қаласындағы «Фридом Банк Қазақстан» АҚ филиалына жүгінді.

Алайда, мәселе қажет сома алу үшін өзі ұсынған кепіл жеткіліксіз болды. Мұндай жағдайда «Даму-ОПТИМА» бағдарламасы бойынша кепілдік бере отырып, «Даму» Қоры көмекке келеді. Бұл – мемлекеттік бағдарламалардың тізбегіне кірмейтін экономика салаларындағы кәсіпкерлер үшін жасалған арнайы бағдарлама.

Компанияның кепілдік беру туралы өтінішін Қор 2024 жылдың тамызында мақұлдады, ал қыркүйек айында кепілдік шартына қол қойылды. Бұл шарт «Даму-ОПТИМА» бағдарламасы бойынша «Фридом Банк Қазақстанмен» жасалған Қазақстандағы алғашқы шарт болды.

WhatsApp Image 2024-09-30 at 17.10.53.jpeg

«STATUS AREA» компаниясы Таразда өз клиенттері үшін қолжетімді бағада және ыңғайлы жерде орналасқан «OPTOVIK» брендті үш супермаркет ашты. «Даму» Қорының қолдауының арқасында компания нарықтағы өз позицияларын одан әрі кеңейтуге және нығайтуға дайын.