Су – тіршілік көзі

Жаңалықтар
26.09.2024

Су жоқ жерде тіршілік тоқтап қалады. Су пайда бола сала өмір қайта қайнап, гүлдер жайнып, көбелек ұшып, аралар үйіріліп, табиғат тіріле бастайды. Адам ағзасында да су жеткіліксіз болса ауру меңдейтіні белгілі. Ол үшін суды шырын, сусын, шай сияқты сұйықтықтар түрінде ғана емес, сонымен қатар құрамында максимал мөлшерде микроэлементтері бар су түрінде де жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет.

«АДАЛ Group Астана» ЖШС 2009 жылдан бері сапалы бөтелкеде су өндіріп келеді. Компания өз өнімдерін кеңселер мен бизнес-орталықтар, сауда орталықтары, әлеуметтік мекемелер, спорттық ұйымдар мен фитнес-орталықтар, қонақүйлер, мейрамханалар, сондай-ақ жеке үйлерге жеткізеді. Нарыққа өнімдер Atrium брендімен танымал.

О баста -ақ құрылтайшылар өздеріне дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы су жасауды мақсат тұтты. Ол үшін олар су көзін мұқият таңдап, көптеген зерттеулер жүргізіп, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технология ойлап тапты.

2023 жылы өндірісті кеңейту үшін «АДАЛ Group Астана» ЖШС «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау алып, субсидиялау құралы аясында пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетті. Осының арқасында жабдық сатып алу үшін қажетті қаражатқа қол жеткізді.

Алғашқы жұмыс күнінен бастап «АДАЛ Group Астана» ЖШС командасы маркетингті белсенді дамытып келеді. Atrium бренді сапа мен мөлдір қаптамасының арқасында тез танымал болды. Бұл компанияның «табиғаттай мөлдір» деген философиясын танытты. Компания сонымен қатар әлеуметтік желіні белсенді қолданды, бұл өнімге назар аударуға және адал клиенттер қатарын көбейтуге көмектесті.

Компания өзінің болашағына сенімді және тұтынушылардың барлық санаттары үшін жоғары сапалы ауыз су ұсына отырып, бизнесті кеңейтуді жалғастыруға дайын.

Мекенжайы: Астана қ., Арқайым көшесі, 6

Телефон: 7-702-555-12-60

Instagram: @atrium_water