«Бақытты шақ»: оқы, дамы, әрекет ет!

Жаңалықтар
03.07.2024

Түркістанда ашылған «Бақытты шақ» зияткерлік мектебінде жақсы және жайлы оқу үшін барлық жағдай жасалған. 3400 шаршы метр аумақта орналасқан, 700 оқушы сыятын бұл кең мектеп оқу кабинеттері, әкімшілік бөлмелер, асхана, медициналық блок, кітапхана, кітап қоймасы, акт залы, спорт залы, жылытылатын бассейнмен жабдықталған.

«Бақытты шақ» зияткерлік мектебі дарынды оқытушылардың басын қосып, саналы, кең ойлайтын, өз бетінше батыл шешім қабылдайтын тұлғалар тәрбиелемек.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектеп 2022 жылы «ForteBank»-тен мектеп салу үшін жылына 19%-бен несие алғанғда оның 13%-ын «Даму» Қоры субсидиялады. 6%-ын кәсіпкер төлейді.

«Біз зияткер көшбасшылар мектебінде берген біліміміз түлектерімізге еліміздің білімді және сұранысқа ие азаматтары болуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - дейді кәсіпкер Кенжетаев Әлібек Абдуллаұлы.

Мекенжайы: Түркістан қаласы, Рысбеков көшесі 1/1

Телефон: +7 747 184 85 85

Инстаграм: @baqyttyshaq_school