menu
Жабу

Арыстық кәсіпкер сапалы аяқ киім шығарады

Жаңалықтар
23.08.2024

Арыс қаласындағы «Арай» өндірістік кооперативі «Аraishoes» брендімен сапалы аяқ киімдер шығарады. Кәсіпорын ерлер мен әйелдер аяқ киімдерін таза былғарыдан, табиғи жүн салып тігезі. Аяқ киім фабрикасы 1991 жылы ашылған. Қазір мұнда 12 адам жұмыс істейді. Мемлекеттің қолдауының арқасында зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Соның арқасында Германиядан жабдықтар сатып алынды.

Кәсіпорында жеке тапсырыспен тігілетін аяқ киім және былғары цехтары бар. Аяқ киімнің барлық моделі тиісті стандарттарға сәйкес жасалады. Шикізат Түркиядан жеткізіледі. Өндіріс басшысы Бибасаров Әміртай Шилдеханұлы күніне 20-30 жұп аяқ киім тігілетінін айтып отыр. Оның ішінде күнделікті киюге, әскери қызметшілерге арналған және арнайы аяқ киімдер де бар. Отандық тауарды Арыс, Шымкент, Тараз және Астанада сатып алуға болады.

«Арай» ӨК «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме о баста 17%-ды құрағанмен, оның 11%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын компания төлейді

Түркістан облысы, Арыс қаласы, Майлықожа көшесі 38

Телефон +7 (705) 856 84 28, +7 (701) 362 01 16

Instagram: @araishoeskz