Оқытуға инновациялық көзқарасы бар заманауи мектеп!

Жаңалықтар
19.09.2024

Мектеп – жай ғана ғимарат емес. Бала өсетін, үйренетін және армандайтын орын. Мектепте білім алып, достар тауып, өзіне деген сенімділік оянады. Сонымен қатар болашақ мамандық туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Биыл жыл басында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жаңа мектеп ашылды. 1350 оқушыға арналған «Әбілқайыр Оспанов» атындағы жалпы білім беру орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі қатысты.

Жаңа мектеп оқуға ыңғайлы жағдай жасаған. Жарық оқу кабинеттері, жайлы әкімшілік бөлмелер, кең асхана, медициналық блок, кітап қоймасы бар кітапхана, кең акт және спорт залдары, сондай-ақ жылытылатын бассейнмен жабдықталған.

«Әбілқайыр Оспанов» атындағы мектеп – талантты мұғалімдері бар, балалар өздерін жайлы сезінетін ерекше атмосфера.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектеп 2022 жылы «ForteBank»-тен жылына 19,5%-бен несие алып, оның 13,5%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады.

Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізі оқушының әлеуетін ашуға бағытталған.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, Транспортник, 3840

Телефон: +7 (707) 628 03 63

Instagram: @seabilim_mektebi