Ерекше стиль иесі болыңыз

Жаңалықтар
01.10.2024

Жоғары білімді тігінші Лариса Рэй бір кездері ЖК тіркеп, жанына төрт жұмысшы алып, тапсырыспен киім тіге бастаған еді. Қазір ол 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «L'Pakora» деп аталатын толық циклді тігін фабрикасының директоры.

Жалпы ауданы шамамен 420 шаршы метр жерді алып жатқан ғимарат жылы, таза және жайлы. Фабрикада 17 тігінші, кескіш секілді мамандар жұмыс істейді. Штатта барлығы 25 адам. Қаладағы колледж студенттері үнемі осы жерде тәжірибе жинап, тағлымдамадан өтеді. Мұндағы шамамен 50 жана жабдықтың 80 пайызы жаңа. Болашақта ғимаратты кеңейту және түбегейлі сатып алу, жұмыс орындарының санын көбейту, екі ауысымды жұмысқа көшу жоспары бар.

Қазір арнайы киімге сұраныс үнемі өсіп келеді: қысқы және жазғы отқа төзімді комбинезондар, курткалар, сигналдық және маусымдық жилеттер, спорттық формалар, корпоративтік, арнайы формалар, күнделікті тоқылған киімдер, балалар заттары, төсек-орын жиынтықтары және т.б. заттар компаниялардың тапсырысының ажырамас бөлігі. Мұнда шикізат алудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі толық цикл бар.

Бүкіл облыстағы серіктестермен ынтымақтастық компанияға өндірісті кеңейтуге және жылына 6000 данаға дейін киім шығаруға мүмкіндік береді. Бірақ мемлекеттің көмегі болмаса, бұл көрсеткішке жету неғайбыл еді.

«Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан кезден бастап үш ай ішінде біз жеңіл несие алып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл ақшаға «ForteBank» АҚ арқылы жылына 19,5%-бен қарыз алып ең жаңа тігін жабдығын сатып алдық. Мұнда біз төлейтін мөлшерлемесі 8%-10%-ға дейін, ал айырмасын мемлекет өтейді», - дейді зауыт директорының орынбасары Болат Тәшенов.

Мұнда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де басты назарда. Қазір фабрикада ерекше қажеттілігі бар екі адам жұмысқа орналасты, оларға жұмыс орны берілді, мемлекет жалақы төлейді.

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 183/1

+7 702 876 01 37, +7 776 2020 920

Instagram: @l_pakora