Бүкіл отбасы алқа қотан отырып, тұшпара түйетін кездер келмеске кетіп барады. Үйде, қолдан жасалған дәмді тағамның бәсі артық, әрине. Бірақ мұндай шаруаларға уақыт бөлуге мүмкіндік бола бермейді. Көп отбасы дайын жартылай фабрикаттар сатып ала салады.
Динара Үсербаева бармағынан бал таматын берекелі жан еді. Әсіресе оның отбасы мүшелері мен қонақтарына тұшпарасы қатты ұнайтын. Қосымша табыс табу жайлы ойлағанған кезде жұртты осы дәмді тамақтарымен риза қылу жайлы идея пісіп жетілді.
2022 жылы Динара «Асыл» ЖК тіркеді. Шағын цех ашып, үйде жартылай фабрикаттар өндірумен айналыса бастады. Біртіндеп өндірісті жолға қойып, тұрақты клиенттер жия отырып, кәсіпкер цехты кеңейтуге шешім қабылдады.
Ол үшін «Банк ЦентрКредиттен» АҚ-ға жүгінген несие алды. Жобаны субсидиялау құралы бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдады.
Қазір Динараның түрлі түсті тұшпарасы жұртқа жақсы таныс. Сонымен қатар, үй тұшпарасы, картоп пен сүзбе қосылған тұшпара, мант, фрикаделька, кеспе сияқты әртүрлі тағамдарды да шығарады. Барлық өнімдер табиғи ингредиенттерден жасалған, консерванттар мен жасанды бояғыштар қосылмаған.
Instagram: @polufabrikaty_asyl
Телефон: 8 747 8851219
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі 174