menu
Жабу

Ең басты бақыт – деннің саулығы

Жаңалықтар
02.10.2024

«Шығыс Қазақстан протез-ортопедия орталығы» – Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты ШЖҚ жанынан мемлекеттік кәсіпорын болған. КМК жекешелендіру процесіне байланысты 2016 жылы «Шығыс Қазақстан протез-ортопедия орталығы» ЖШС болып қайтақұрылды.

Серіктестіктің негізгі қызметі – аяқ-қолға протез, арнайы қимыл аппараттары, ортоздар, денені қалыпта ұстағыштар шығару, ортопедиялық аяқ киім тігу, оларды жөндеу. 2005 жылдан бастап «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы арқылы мүгедектерге қызмет көрсетіп келеді. Ұйымда 50-ге жуық адам жұмыс істейді.

«Даму» қорының қолдауымен 2023 жылы екі қабатты медициналық орталық ғимараты салынды. Компания «Қазақстан Халық Банкінен» орталық құрылысына мемлекеттік бағдарламаның «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында несие алды. Қор кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлемені 9%-ға дейін төмендетті. 

Соның арқасында орталық медициналық қызмет көрсету бағытын кеңейтті. Атап айтқанда консультация беретін емхана, зертхана кабинеттері және арнайы мамандардың қосымша кабинеттері ашылды. Олардың барлығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

+7 775 394 5414

ШҚО, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 101