Жезқазғанда жалғыз «SSS» балет мектебі мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
07.10.2024

«SSS» балет мектебін Жанат Бағдатқызы Шубаева ашты. Ол – Жезқазған қаласындағы «SSS» кофеханасының да негізін қалаушы.

Жанат Бағдатқызының балет өнерімен айналысатын 2 қызы бар. Самал Садықова Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, «драма театр және кино актрисасы» мамандығын меңгерсе, Сая Садықова – қоюшы-хореограф, Астанадағы хореография академиясын бітірген. Кіші қызы әпкесі сияқты педагогика ғылымының магистрі, ұстаз, хореографияның қыр-сырын меңгерген.

Жанат Бағдатқызы балет мектебіндегі бүкіл оқу процесін қыздары – балетке жан-тәнімен ғашық, тәжірибесі бар нағыз кәсіпқойларға сеніп тапсырған.

«SSS» балет мектебі – жас кезінен әдемі әрі үйлесімді дамуға арналған жайлы шығармашылық кеңістік.

2023 жылы «SSS» балет мектебін ашу үшін ғимарат сатып аларда компания «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер үшін түпкілікті жылдық мөлшерлеме 7%, айырмасын мемлекет өтейді.

Бұл жобаның артықшылығы – баламасы жоқтығында. Қаладағы өмір ырғағы тұрғындарды қимыл-қозғалыс пен шығармашылық белсенділікке жетелейтін орталық іздеуге мәжбүр етеді. «SSS» балет мектебі осы сұранысқа толық жауап беріп тұр.

Жезқазған қаласы, Юрий Гагарин көшесі, 13/8 ғ,13/9 ғ.

Тел: +7 747-955-62-50

Instagram: @sss.choreography.school