Балалық шақтың бал дәмі!

Жаңалықтар
11.10.2024

«ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС – тарихы бай, сапа мен технология саласындағы көрнекті жетістіктерге жеткен, Қазақстандағы алкогольсіз сусындардың жетекші өндірушісі. 1930 жылы негізі қаланған компания содан бері айтарлықтай даму мен өзгерістерді бастан өткерді, бұл оған нарықта мықты позицияға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Компания ондаған медальдармен және халықаралық сертификаттармен расталған жетістіктерімен мақтанады. Барлық өнімдер жоғары стандарттарға сәйкестігіне кепілдік беретін Krones (Германия) компаниясының заманауи жабдықтарында шығады. Қазір зауыт сағатына 12 мың бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын автоматты желімен, су тазартудың жаңа қондырғыларымен және GPS спутниктік навигация жүйесімен жабдықталған.

2019 жылы «Алтын сапа» Президенттік байқауында «Алкогольсіз сусындар зауыты «ВИЗиТ» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болды.

Зауыт 2023 жылы «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Халық Банк» АҚ-тан құрал-жабдық сатып алу үшін жылына 21,75%-бен қаражат алды, оның 14,75% «Даму» қоры субсидиялайды.

Компания отандық өндірісті қолдауға және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін озық технологияларды енгізуге белсенді атсалысуда.

Мекенжайы: Шымкент қ., Төле би көш., 11.

Пошта: vizit.marketing@mail.ru

Телефон: +7 778 308 08 19, +7 775 498 89 11