Қазір әлемді автокөліксіз елестету қиын. Оның негізгі міндеттерінің бірі – жолаушыларды тасымалдау. Бұл саланың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Қашыққа жүретін, қала ішінде жүретін, елді мекендерді байланыстыратын, орын саны әр түрлі және т.б. Бірақ барлығының мақсаты – жолаушыны аман-есен қажет жерге жеткізу.
Жолаушылардың көбі, әсіресе қалааралық сапарда тасымалдың дәл осы әдісін қалайды. Өйткені арзан, жедел әрі ыңғайлы.
Бір қарағанда, жолаушыларды тасымалдау қарапайым мәселе болып көрінеді. Алайда, бұл қызметке тек мұқият тексеруден өтіп, лицензия алған компаниялар ғана құқылы. Өйткені бұл – адамдардың қауіпсіздігі.
Жеке кәсіпкер Мамитанова Ляйла Рахишқызының жолаушылар тасымалы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Қалааралық тасымал үшін 48 орындық автобус сатып алып жұбайымен бірге бизнес бастады. Қазір кәсіпкердің Қызылорда – Қазалы, Қызылорда – Арал, Қызылорда – Ақтөбе, Қызылорда – Алматы бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын 9 автобусы бар. Сондай-ақ, компания жеке компаниялардың қызметкерлерін тасымалдау бойынша да қызмет е ұсынады.
Жыл сайын бағыт саны артуына байланысты, компанияға қосымша 2 автобус сатып алу қажет болғанда «Форте Банктен» несие алып, «Даму» Қорының қолдауымен «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қарыз мөлшерлемесін субсидиялай алды.
Қызылорда қаласы, Ақмаржан ш/а, Смағұл Ысқақов көшесі, 2Л
тел: +7 775 889 55 77