Бекметьев Фархат Реккатович бизнесің бірнеше бағыт бойынша дамытып келе жатыр.
2011 жылдан бастап ол киім саудасымен айналыстыды. Ерлер мен әйелдер киімі, сырт киімдер сататын үш дүкені болды.
2021 жылы кәсіпкер 29 бөлмеден тұратын үш қабатты «Водник» қонақ үйін ашты.
2023 жылы туристік орталық ашты. Семей қаласының орманды алқабындағы 3 гектар аумақта «Eastwood resort» көркем туристік демалыс орны бар. Оның орналасқан жері мен әдемілігі қонақтарды бірден баурап алады. База аумағында жаңа жабдықталған бөлмелері бар қонақ үй, моншасы бар оқшауланған үйшіктер орналасқан. Тәулік бойы жұмыс істейтін демалыс орны жергілікті тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар келген спортшыларға да қызмет көрсетеді. Мұнда футбол, баскетбол, күрес командалары жарыстардан кейін сауығып, орманда таза ауамен тыныстап, Ертіс өзенінде шомылуға мүмкіндік ала алады.
2024 жылдың басында кәсіпкер жаңа оқшауланған үйлер мен жабық бассейннің құрылысын аяқтау және абаттандыру үшін «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінді. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 21,75% -ды құрады. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында оның 8% -ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды.
Қарағайлы орманда серуендеу стресстен арылтып, жүйкені тыныштандырады. Денені сергітеді және өкпедегі газ алмасуды белсендіреді. Өсімдіктер бөлетін заттар патогенді бактерияларды өлтіруі мүмкін.
+7 777 217 78 15
Инстаграм: @eastwood.semey