«Білім-Академия» ЖШС 2023 жылы ресми тіркелген, директоры Нұргүл Төлендиева, компанияның негізгі бағыты – білім беру.
2023 жылдың басында Нұргүл Төлендиева өңірдің білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында мемлекеттің қолдауымен 1-4 сынып оқушыларына арналған заманауи мектеп салуды жоспарлады.
Өз қаражатына мектеп құрылысын бастады, бірақ құрылысты аяқтау үшін несие қажет болды.
Нұргүл Төлендиева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысындағы филиалына жүгінуге шешім қабылдады. Мұнда несие бойынша барлық қажетті ақпаратты алған соң кәсіпкер «Forte Bank»-ке толық құжаттар пакетін ұсынып, қарыз алды. «Даму» қоры жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының екінші бағыты аясында субсидия құралы бойынша қолдады.
Несие мен мемлекеттің қолдауының арқасында Нұргүл Төлендиева заманауи стандартты жаңа мектеп ашып, өз жобасын жүзеге асырды. «Қазір «Білім-Академия» ЖШС мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа мектеп ашты. Бұл білім беру сапасы мен оқу орындарының қолжетімділігін жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Біз әрбір оқушы өз әлеуетін аша алатын қолайлы білім ордасын құруға ұмтыламыз», - дейді мектеп директоры Нұргүл Төлендиева.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 422 үй.
Instagram: @bilim.academia
Тел: +7 776 665-10-16