«Сіздің үй жануарларыңыз – біздің отбасымыз!»

Жаңалықтар
02.10.2024

Сергей Анатольевич Сидорчук Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан «Багира» ветеринарлық орталығының иесі.

«Багира» ветеринариялық орталығы – кез келген күрделі ауруларды диагностикалап, емдеуге толық мүмкіндігі бар, 24/7 жұмыс істейтін заманауи көпсалалы ветеринария орталығы. Заманауи жабдықтармен толық қамтылған.

Орталықтың құрамына:

- хирургия бөлімі;

- анестезия және қарқынды терапия бөлімшесі;

- терапия бөлімі;

- визуал диагностика бөлімшесі (УДЗ, рентген, МРТ, КТ);

- зертхана;

- шақыру қызметі;

- зоогостиница;

- ит өңдеушілер;

- сервис қызметі;

- күтім салоны;

- оңалту;

- бассейн, су жолы, жүгіру жолы кіреді;

2022 жылы ЖК «С. А. Сидорчук» «Даму» Қорынан «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алды. Несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ берді. 

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Әубәкіров көшесі, 17/1

Тел. +7 708 020 23 01; +7 705 158 51 51

Instagram: @vetcenter_bagira