menu
Жабу

Еңбектің наны тәтті

Жаңалықтар
11.10.2024

Бексұлтан Жақыпов студент кезінде-ақ жиһаз шеберханасында жұмыс істеп, қосымша табыс табатын. Бұл тек күнкөрісіне көмек қана емес, өміріне жететін тәжірибе де болды. Екі жыл еткен еңбек босқа кеткен жоқ. Кәсіптің қыр-сырын тез меңгерген соң осы салада өзі де іс бастауға бел буды. Бұл 2015 жыл еді.

Алдымен ғимарат жалдап, біртіндеп тапсырыс ала бастады. Шәкірт болып жүрген кезі ғана емес, кәсіпті өзі меңгеріп, бизнес бастаған соң да білгенінен үйренгені көп болды. Тәжірибе жинау дамуға ұласты. Жанына көмекшілер мен мамандар ала бастады.

Уақыт өте келе өз ғимараты болғаны тиімді екені белгілі болды. Себебі бұл кезде тапсырыс берушілер саны артып, өнім көлемі мен түрі көбейген сайын цех тарлық ете бастады. «Даму» Қорының Ақмола облысындағы филиалына осы кезде жүгінді. Мұндағы менеджерлер кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар жайлы толық ақпарат берді.

2023 жылы кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесі 8%-ға дейін түсірілді. Ол қаражатқа кәсіпкер цех ғимаратын сатып алып, жиһаз сапасын арттырып, жұмыс барысын жылдамдатуға мүмкіндік алды.

«Кәсіпкер болу үшін тынбай еңбек етіп, өз ісінің маманы болу керек. «Даму» Қорына алғысым шексіз! Қолдауларыңыз өте маңызды. Әсіресе ісін жаңа бастағандарға көп көмек. Болашақта енді өндіріс көлемін ұлғайтып, МДФ фасадтар шығаруға көшуді жоспарлап отырмыз. Әрине, қолдау алу үшін тағы да «Даму» Қорына барамыз», - дейді кәсіпкер Бексұлтан Баймағамбетұлы.

Кокшетау қаласы, Васильковский к-сі, 18/2 үй

тел: +7 7471666953;

Email: b.zhakypov91@gmail.com