Тіл білу талай есікті ашады

Жаңалықтар
14.10.2024

Шет тілін үйрететін мектептер жер шарының барлық құрлығында бар. Ең танымалы – ағылшын тілін үйрететін мектептер. Тіл білу өмір сапасын едәуір арттырады, кәсіби және жеке тұлға ретінде өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар, тіл үйрену процесінің өзі есте сақтау қабілетін, аналитикалық ойлауды, тапқырлықты дамытады.

«Next» тіл мектебі өз жұмысын 2014 жылы бастады. Орталықтың басшысы –Виктория Тутушина. Ол ашқан орталыққа 6 жастан 45 жасқа дейінгі жандар келіп тіл үйренеді. Қазір 250-ге жуық тұрақты оқушы бар. 7 оқытушы және бір әкімші қызмет етеді. Мектепте IELTS-ке дайындайды.

Биыл компания «ForteBank»-тен несие алдып, жеке ғимарат сатып алды. «Даму» Қоры 18 миллион теңгеге кепіл болды.

Сондай-ақ, орталық халықаралық сапарлар ұйымдастырады. Мектепте оқығандар Англия, Америка және Еуропаның ең ірі қалаларында болды.

Орталық демалыссыз жұмыс істейді, Павлодарда екі филиалы бар. Олар жақсы жабдықталған, жемісті оқу үшін барлық жағдай жасалған.

«10 жыл бойы ғимаратты жалға алдық, Биыл ғимаратты сатып алуды шештік. «Даму» қоры көмектесті, - дейді «Next» орталығының басқарушысы Дарья Власова. – Біз несиеге өтінімді қарастыру үшін бірнеше банкке жүгіндік, бірақ олар талап еткен кепілдікке шамамыз жетпеді. Ал «ForteBank» жас кәсіпкерлерге «Даму» Қоры арқылы кепілдік берілетінін айтты. Біз сол банкке жүгіндік. Мұндай көмекпен тек Павлодарда ғана емес, Астананы бағындыруға да ниет бар», - дейді Дарья Власова.

Павлодар қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 18

Тел.: +7 705 608 77 48

Instagram: @english.next_pvl