menu
Жабу

«Тәуекел» кәсіпорны жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығарады

Жаңалықтар
16.10.2024

«Тәуекел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылы Орал қаласында құрылған. Ол кезде бизнесті бір жанармай құю бекетін ашудан бастады. Бүгінде «Тәуекел» көп салалы өндірістік-сауда кәсіпорны.

Кәсіпорында қаңылтыр, шатыр, қосымша элементтер және басқа да болат бұйымдарын шығаратын екі цех бар. Бір цех Оралда, екіншісі Ақсай қаласында орналасқан. Шеберханалар нарықта өз орнын тапқан. 

Ал бизнесті кеңейту үшін, атап айтқанда профильді қаңылтырлар шығаратын желіге және профильдерге арналған автоматтандырылған желіге жаңа станоктар сатып алу мақсатында кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на жүгініп, 19,75%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында оның ішінде алғашқы үш жылда 8%-ын, 4-ші жыл 9%, 5-ші жыл 10%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.   

Кәсіпорын жоғарыда аталғандардан басқа жылу оқшаулағыш және құрылыс материалдарын, брусчаткаларды, бордюрлерді шығарады және сатады, сұйытылған газбен қамтамасыз етеді, металл-пластикалық есіктер, терезелер, аркалар, қалқалар шығарады және орнатады, витраждар мен алюминий профильдерінен есіктерді жасайды. «Тәуекел» серіктестігінің негізгі бағыты – Орал қаласында жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығару. База аумағында мамандандырылған зертхана жұмыс істейді, онда өндірілетін өнімнің сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі. Барлық өндірілген материал сертификаттармен және құжаттармен расталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

ҚР, БҚО, Орал қаласы, Жәнібек көшесі, 17

Тел.:+ 7 (7112) 284-949

Сайт: www. tauekel.kz