menu
Жабу

«Алтын емел» нан-тоқаш өнімдері

Жаңалықтар
17.10.2024

Жетісу облысындағы «Sardar Export» ЖШС 2012 жылдан бері нан өнімдерін шығарып келеді. Кәсіпорын қазір «Алтын емел» сауда белгісімен тәулігіне 50 тоннаға дейін астық өңдеп, ұн (жоғары, бірінші және екінші сортты) өндіреді. Сондай-ақ, тәулігіне 25 мың дана нан өндіретін, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын наубайхана бар.

Кәсіпорынның барлық жабдықтары шетелдік (Ресей, Италия, Түркия). Комбинаттың ассортименті мол, сатып алушылардың әртүрлі қалауын ескере отырып әзірленеді.

Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру цехын кеңейту мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялау құралы бойынша кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме 8%-ға түсірілді. Сондай-ақ «Даму» Қоры кепілдік берді.

Қазір «Алтын емел» сауда белгісі бар нан комбинаты Талдықорған қаласында, Текелі моноқаласында және Ескелді және Көксу аудандарының жақын ауылдарында 450-ден астам сауда нүктелеріне қызмет көрсетеді.

Телефон: +7 7282 39 38 38

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Тынышбаев көшесі, 79Б