«Венчурная фирма ПОИСК» ЖШС зауыты 1998 жылдың басында құрылды және геологиялық барлау, бұрғылау, мұнай-газ өндіру, сервистік және энергетикалық жабдықтар үшін қосалқы бөлшектер мен компоненттерді әзірлеуді және дайындауды жүзеге асырады.
26 жылдық үздіксіз қызмет барысында өндірістің қызметкелері 200 адамға дейін өсті. Өнім ассортиментінде мұнай және газ кәсіпшілігіне арналған қосалқы бөлшектер мен компоненттердің 10 мыңнан астам атауы бар.
10 жыл бойы «Венчурная фирма ПОИСК» ЖШС өз өнімдерін «РД-ҚазМұнайГаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» ҚФ, «Ембімұнайгаз» ҚФ, «ПККР» АҚ, «Заман Энерго» ЖШС, «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ, «Азимут Энерги Сервисез» АҚ, «Волковгеология» АҚ және де Қазақстанның басқа да ірі геологиялық барлау кәсіпорындарға жеткізіп келеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 25–30 мың өнім шығарады. Зауыт өндіретін барлық өнімдерге клиенттерге сапа сертификаттары мен СТ-КZ сертификаттары ұсынылады.
«Венчурная фирма ПОИСК» ЖШС зауыты ТМД елдері өндірісінің қосалқы бөлшектерін, оның ішінде: вентильдер, датчиктер, катушкалар, қазандықтар, сақтандырғыш және кері клапандар, крандар, манометрлер, май сорғылары, 2.3 ПТ-25, 1.1 ПТ-25, 1.3 ПТ-50 сорғылары, сына белдіктері, тахометрлер, сүзгілер, шкивтер; жетекті біліктер, мойынтіректер, Д-20, Д-16 (КС) диафрагмалар, тығынды крандар, гофрленген жеңдер.
«Венчурная фирма ПОИСК» ЖШС отандық өндірушілер тізіліміне және «Самұрық – Қазына» қорының ұйымдары тауарларының жұмыстарының және қызметтерінің әлеуетті жеткізушілерінің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
2024 жылы «Венчурная фирма ПОИСК» ЖШС «шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19,5% құрады, оның ішінде кәсіпкер 9% төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.
СҚО, Петропавл қ, Шухова к-сі, 42
+7 (7152) 50–86–87
+7 (7152) 50–85–61
Сайт: poiskpet.kz