Атырау облысында кәсіпкер Мәншүк Нарикова бірнеше жылдан бері түрлі бағытта отбасылық бизнеспен айналысып келеді. Соның бірі – техникалық қызмет көрсету станциясы мен дәріхана бизнесі.
«Халыққа қызмет көрсету станциясында сервистік қызмет көрсету барысында біз жуғыш заттарды Ресейден жоғары бағамен жиі сатып алып отырдық. Жуғыш заттар өндіру технологиясын мұқият зерттей келе, бизнестің әлсіз және күшті жақтарын еңшеп, тұрмыстық химия өндіретін цех ашуды ұйғардық», - дейді кәсіпкер.
Цехты іске қосу үшін жабдық сатып аларда Мәншүк Нарикова «Халық Банктен» 21%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор оның 13,75%-ын субсидиялады. Ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Қазір «VIO» брендімен шығарылатын жуғыш заттар ассортименті күнделікті өмірде ыдыс-аяқ, әйнек, еден, кілем жууға және тазалауға пайдалануға жарамды. Сондай-ақ жуынатын бөлмелерге арналған дезинфекциялық компоненттер де шығарылады. Тауарларды Атырау қаласының орталық сауда базарларында, шағын маркеттерде қолайлы бағамен сатып алуға болады.
Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 432 А
Instagram: @vio_production
телефон: +7702 283 64 95