Семейлік Арайлым Әлімжанова 2015 жылы үш бөлмелі пәтерде Жарқын болашақ инклюзия орталығының жұмысын бастаған. Сол пәтерде мамандар аутисттік спектрі бұзылған балаларды қабылдады.
2015 жылдан мұнда 5000-нан астам бала ем алып, олардың отбасына көмек көрсетілді.
Көп ұзамай жақсы нәтижелер байқалып, келушілер арта бастағанда кәсіпті одан әрі қарай даму жайлы ойлай бастады. «Даму» Қорына өз ғимаратын сатып алу үшін алғаш рет 2018 жылы хабарласты.
Биыл компания «Қазахстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Біріңғай кешенді бағдарлама» бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялай (әлеуметтік бағыт) отырып ерекше балаларға арналған шағын орталықты жөндеу және қайта жаңарту үшін несие алды.
Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектесу және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында құрылған орталық 2023 жылы Қазахстан Республикасы президентінің «Ару-Ана» сыйлығының лауреаты атанды.
Мекенжайы: Семей қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 115
Тел.: +7 777 907 70 30; +7 701 974 80 55
Instagram: @zharkynbolashak