Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда қаласында студенттерге арналған жаңа жатақхана ашылды. Кәсіпкер Руслан Дүлдүл жатақхана құрылысын барлық стандарттарға сәйкес салды. Ғимарат ауданы 4 702 шаршы метр, 237 орындық, бес қабаттан тұрады. Әр бөлме қажетті жиһазбен, жуыну бөлмесімен жабдықталған. Сонымен қатар, студенттерге ыңғайлы болу үшін медициналық пункт, жалпы ас үй және кір жуатын бөлме бар. Аумақ толық қоршалған.
Жатақхана ғимаратының құрылысы мен қажетті жабдықтарды алу үшін кәсіпкер «Қазақстан халық банкінен» қаржы алды. «Даму» Қорының қолдауының арқасында мен Қордың субсидия құралы арқылы, кәсіпкер несиенің пайыздық мөлшерлемесін 5 жылға дейінгі мерзімде субсидиялады.
Руслан Дүлдүлдің білім беру саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Кәсіпкердің бірнеше білім беру орталығы бар, соның ішінде мектеп және орта арнайы білім беру салалары қамтылған. Жатақханалардың үлкен қажеттілігі мен тапшылығын зерттей отырып, ол барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетін жатақхана салды.
Қызылорда қаласы, Сырдария ш/а, Сейхун көшесі, 5
Тел: +7 777 561 44 51