menu
Жабу

Сәбилер үшін ең сапалы өнім

Жаңалықтар
24.10.2024

Серік Әйтілеу мен оның «Adal Textile» компаниясының құрылу тарихы қызық. Ол бес жыл ішінде көтерме киім-кешек сатудан табысты киім тігу фабрикасына дейін жетті. Бұл оның табандылығын, іскерлігін және жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетеді. 

Бастапқыда тек ерлер киімін сатумен айналысқан ол нарықты зерттей келе, балалар киімін өндіруде мүмкіншілік көп екенін байқады. Сол себепті тігін жабдықтары мен матаға инвестиция салып, сондай-ақ өзі де тігуді үйренді. Яғни Серік өзі бастаған бизнестің әр саласына қатысудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Сонымен қатар, ол жұмысқа зайыбын, туыстарын және көршілерін тартты. 

Түркиядан келген жоғары сапалы маталарды пайдалану және Шымкентте өз шеберханасын ашу Серік Әйтілеуге ішкі нарықта бәсекеге қабілетті өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол маталар ассортиментін үнемі жаңартып отыру қажеттілігін түсінетінін атап өткен жөн, бұл тұтынушылардың қызығушылығын сақтауға және өнімнің жоғары сапасын сақтауға көмектеседі. 

Бизнестің кеңеюіне «Даму» Қорының қолдауы мен несие қаражатын сауатты басқару маңызды рөл атқарды. Осының барлығы оған өз ауылында жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» қатысудың арқасында Серік 2024 жылы «Нұрбанк» АҚ-тан балалар киімдері мен керек-жарақтарын тігу үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында жылына 19,50 пайызбен несие алды, оның 11,50 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. 

Бүгінде цехта 20 адам жұмыспен қамтылған. Қазір балалар киімінің 15 түрін шығарып жатса алдағы уақытта өз өнімдерін одан әрі кеңейтуді және жақсартуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы, Қызылжар мөлтекауданы, Шардара көшесі, 81.

Телефон: +7 702 656 66 64