Бірде «Амели» фильмін көрген қостанайлық Азизбек Ғабдуллин мен Данара Дихаеваның басына керемет идея келді. Кейіпкерлердің бейнесінен шабыт алып, әсерленген олар жай ғана наубайхана емес, одан да артық бір дүние жасауды армандады. Яғни, клиенттердің әр келісі шытырман оқиғаға айналып, атмосферасы жылу мен мейірімге толы орын болса деді.
2024 жылдың қаңтарында олар осы идеясын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қоры ол қарыздың пайызын субсидиялап, несиенің 52%-ына кепілдік берді. Қаражатты үй-жайды жөндеп, барлық жабдықтарды сатып алуға жұмсады.
Қостанай қаласында ыстау цехы бар Jam Bakery жаңа наубайханасы осылай ашылды. Жобаның бірегейлігі – нан өнімдері мен тағам дайындау процесі толық жариялы болғандығында. Барлық қонақтар жоғары сапалы ашыған нан, қаладағы ең жақсы круассан, сондай-ақ бірегей нанға оралған әртүрлі бутербродтар қалай жасалатынын бақылай алады. Сөреде осында ысталған ет те жатады.
Мұндағы атмосфера Париж көшелерін еске түсіреді және кофе мен жаңа піскен кондитерлік өнімдердің дәмі тіл үйірерлік. Өнімдер жай ғана сатылмайды, олар өндіріс процесінен бастап дәм татуға дейінгі тарихты баяндайды.
Қостанай облысы, Қайырбеков көшесі, 385/2
Инстаграмм: @jambakery_kst