Бала денсаулығы — ата-анаyың күнделікті қамы. Жүзу мен массаж секілді секцияларға қатысу денсаулықты нығайтуға, иммунитетті көтеріп, өмір бойы оң әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі. «Ocean Child» ЖК компаниясының негізгі мақсаты — балалар мен ересектерге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлы бассейн ашу болды. Алғашқы күннен бастап «Ocean Child» ЖК командасы инклюзив ортаны құрудың маңыздылығын түсінді. Олар ерекше балалардың отбасыларының қажеттіліктерін мұқият зерттеп, өздерінің бассейні тек жүзу үшін ғана емес, балалардың әлеуметтенуі мен дамуына арналған алаң болады деп шешті.
Бұл бизнестің басты артықшылығы – қажетті жабдықтар мен жиһаздары бар ғимаратты сатып алу мүмкіндігі. Бұл бассейн мекен-жайын өзгертпеуге мүмкіндік берді. Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын сақтаса сұраныс тұрақты болмақ.
Компания ғимаратты «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы несиеге сатып алды және «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша мемлекеттік қолдау алып, пайыздық мөлшерлемені 7%-ға төмендетте алды.
Сөйтіп, «Ocean Child» ЖК тек жоғары сапалы жүзу және массаж қызметтерін ұсынып қана қоймай, балалардың дамуына ықпал ететін инклюзив орта да қалыптастырды. Бұл жоба қоғамның өзекті қажеттіліктеріне жауап беріп, қызметтерін баршаға қолжетімді етеді.
Мекенжайы: Астана қ., Кабанбай батыр даңғылы, 56а
Телефон: +7‒775‒660‒55‒99
Instagram: @oceanchild.astana