Көз өткір болмаса айналадағы әлемді бар сұлулығымен жақсы көру мүмкін емес. Көздің көру жағдайы көп жағдайда дененің жалпы жағдайын, көптеген органдар мен жүйелердің проблемаларының көрсеткіші.
Көздің катаракта, глаукома, торлы қабықтың дистрофиясы секілді бірқатар ауыр аурулары бастапқа сатысында айқын көріне қоймайды және пациент оны байқамауы мүмкін. Алайда, белгілері бар. Оны анықтаған соң дереу офтальмологпен кеңесу керек.
Офтальмолог, жоғары санатты дәрігер Бақытжан Қапанов осы мамандық бойынша 28 жылдан бері қызмет атқарады. Оның 20 жылдан астамы облыстық клиникалық аурухананың көз бөлімшесінде өтті. Ол бөлімше меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2013 жылы ЖК ашып, конкурста «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде 3 миллион теңге грант жеңіп алып, офтальмология саласында қызмет көрсетуге кірісті. Сол кезде Астанада «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша менеджмент бойынша оқудан өтті.
«Бірінші гранттың арқасында мен сол кезде лазерлік аппарат құнының жартысын төлей алдым. Міне, осы аппарат пен диагностикалық орталықтағы бөлмеден біздің клиника жұмысы басталды», - дейді Бақытжан Қапанов.
Ұзақ уақыт бойы Бақытжан Қапанов ғимаратты жалға алды. «Даму» Қорының қолдауының арқасында кәсіпкер медициналық орталыққа ғимарат сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізе алды. Медициналық орталықта 3 қабат және жалпы ауданы 600 ш.м., пациенттердің көліктерін қоюға арналған орын бар.
Жобаны «Forte Bank» АҚ мақұлдап, 70 млн теңге несие берді. Мөлшерлеме жылына 19%-ды құрағанмен, оның 13%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры 33 100 000 теңгеге кепілдік берді.
Күнделікті таңу түрінде қызметтер көрсетіледі, операциядан кейінгі және операция алдындағы инъекциялар, 1 және 4 санаттағы операциялар жүргізіледі.
Көздің ауыруы – пациенттердің офтальмологқа баруының ең көп тараған себептерінің бірі. Көздің ауырсынуының себептері әртүрлі болуы мүмкін: жарақаттар, жұқпалы аурулар, бөтен дененің енуі немесе, мысалы, торлы қабықтың бөлінуі.
Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі 129
Байланыс телефоны: + 7 701 748 97 65