Шымкенттік Рахиля Сарсенованы өмірдегі қиындықтарды жеңіп, табысқа жетудің жарқын мысалы етуге болады. 24 жасында оған тағдыр тауқымет арқалатты. Жұбайы күйеуі дүниеден озып, екі жас баламен жалғыз қалды. Қол қусырып отырмай, басына түскен ауыртпалықтан тек еңбекпен ғана шыға алатынын, балаларын жеткізу үшін дүр сілкініп, тіршілікке араласу керектігін тез ұқты. Осыдан күш-қайрат тапты.
Алдымен ол қандай да бір білім алып, кәсіп игеру үшін шаш сәндеу курсына жазылып, қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадамын бастады. Шаштараз болып жұмыс істей жүріп, ол бизнесін дамытуға көңіл бөліп, әр мүмкіндікті пайдаланып, өсу мен жетілуге тырыса бастады.
2021 жылы Калифорниялық шылаушандарды биогумус өндіру үшін өсіретіні жайлы мақаланы кездейсоқ оқып, Рахиля осы бағытта бақ сынауға бел буды. Шылаушанды тіпті шағын учаскеде де өсіруге болатыны, оны қосымша табыс көзі ету мүмкіндігі қызықтырды. Ол қызығушылығы мен тәжірибе жасауға деген талпынысы жаңа бастамаларға әкелді.
Рахиля биогумус негіздерін зерттеп, оны өндірумен айналысты. Сөйтіп, аз ғана шығынмен өндірілген биогумус оның бақшасына да пайдалы, сатып табыс табуына да ыңғайлы болды.
Бизнесін кеңейту үшін заманауи жабдық қажет болғанда 2023 жылы Рахиля «Банк ЦентрКредиттен» 21,75% пайызбен несие алды. Оның 14,75%-ын «Ұлттық жоба» бағдарламасына аясында «Даму» қоры субсидиялайды.
«Даму» қорының қолдауы оған биогумусты тазартуға арналған арнайы жабдық сатып алуға мүмкіндік берді, ал бұл оның өнімінің сапасын едәуір жақсартты.
Бүгінде Рахиля балаларын тарықтырмайтын, қажетіменқамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тұрақты бизнес құрғанымен мақтанады. Ол табыстың кілті – әр күнге қуана білу және қиындықтарға қарамастан еңсені түсірмеу екенін сенімді түрде айтып жүр.
Мекенжайы: Шымкент қ., Төле би көш., 39а үй.
Телефон: +7-775-247-45-14