Пулатова Шоира Илхомжанқызы кәсіпкерлікпен 2016 жылдан бастап айналыса бастады.
Ол ашқан «GOLDEN SWEETS» ЖК мейрамханалар, дәмханалар және жеке тапсырыс берушілер үшін кондитерлік өнімдер дайындаудан бастады. Негізінен тоқаш, рулет, торт, тәтті тоқаш, бәліш пен бисквиттер пісіреді.
Кәсіпкерде жабдықтарды жаңарту және жаңғырту мәселесі туындады. Жоғары сапалы заманауи десерттер жасау үшін кәсіби техника қажет еді, бірақ ақша жетіспеді. Кәсіпкер несие алуға шешім қабылдады. Бұл тәуекел еді. Бірақ Шоира өз идеясына сеніп, жаңа клиенттер тарта алатынына сенді.
2023 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігі мен субсидиясын пайдаланды.
Жаңа жабдықтар сатып алып, алғашқы бірегей торттар мен әшекейлері бар тәтті тоқаштар жасалғаннан кейін, табыс көп күттірмеді. Клиенттер қайта-қайта орала бастады, «ұзынқұлақ» өз міндетін атқарды.
«Кез келген бизнестегі ең бастысы – өзіңе және ісіңе сену. Сонда табыс көп күттірмейді», - дейді Шоира Пулатова.
Жамбыл облысы, Ұлы дала ықшамауданы, 1069.
Телефон: +7 708 522 39 15